2024 жылдың 21 қараша күні қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі және ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы бірлескен түрде өтті.
Комиссияны қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы М.Әбдіқалықов және комиссия төрағасы М.Жүсіп жүргізді.
Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық кірістер басқармасының өкілі, қала әкімінің тиісті бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссияның күн тәртібіне:
1) 2025-2027 жылдарға арналған қалалық, кент және ауылдық округтердің бюджеті туралы»;
2) «Дипломмен ауылға» бағдарламасының Қызылорда қаласына қарасты кент, ауылдық округтерде іске асырылуы туралы» мәселелері қаралатын болады;
3) «Ауылдық жерлерде халықты мал азығымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және мал жайылымы мен шабындықтардың құнарландыруы туралы» мәселелері шығарылып, қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, екінші және үшінші мәселелер бойынша қалалық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Н.Әзірбек хабарлама жасап, сұрақтарға жауап берді.
Бюджет мәселесін талқылау кезінде депутаттар алдағы жылдың бюджетіне өздерінің сайлау округтеріндегі өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.
Депутат Т.Мақаш: дайын жобалары бар Белкөл кентіндегі М.Есмаханов, Т.Абуов, Сарыарқа, Зеленая көшелерін жарықтандыру, дайын жобалары бар Белкөл кентіндегі Бірлік, М.Айкупешов және К.Әбдіқадыров №3 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, дайын жобасы бар Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің электр желілерін реконструкциялауға қаржы бөлу, дайын жобасы бар Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылысына қаржы бөлу;
Депутат М.Есжанов: қала аумағындағы саяжайларға қоғамдық көлік кіретін жағдай жасау мақсатында қиыршық тас жол төсеу және аялдамалар орнату жұмыстарын жүргізу, ауылдық округтердің шет аймақтарындағы мүлдем жолы жоқ көшелерге қиыршық тас төсеу және электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізу, Талсуат ауылынан үш әлеуметтік оңалту орталықтарына баратын жолды жөндеу және жарықтандыру;
Депутат А.Төлегенова: Тасбөгет кентіне 4 дана ойын алаңын, 2 дана спорт алаңын салу Тасбөгет кентіндегі ЖСҚ дайындалған 6 көшенің (Оразбаев, Әбенов,Жүнісов, Жүнісов тұйығы, Олжабайұлы) құжаттарына сапа ұлттық орталығының қорытындысын алуға қаржы бөлу;
Қызылорда қаласындағы Жерұйық, Болашақ, Жұлдыз, Әшірбеков, Тұрлығұлов көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату, Қызылорда қаласындағы Әл-Фараби – 1, Әл-Фараби – 2, Әл-Фараби – 3, Әл-Фараби – 21 (Ақ дала), Қуаңдария, Нысанбай көшелеріне асфальт төсеу (депутат М.Әбдіқалықов),
Е.Нұртазаев: Саяхат мөлтек ауданындағы Тәттімбет Бұлғақұлы, Хамит Әбенов, Оспан Оразов көшелерін асфальттау және жаяу жүргіншілер жолын салу;
Депутат Е.Базарбай: Ғ. Мұратбаев атындағы №171 орта мектебі орналасқан Ә. Қоңыратбаев көшесін кешкі жарықтандыру;
Депутат Р.Ысқақова: Арай мөлтек ауданындағы Сырдария, Гүлдала, Жауқазын көшелерін жарықтандыру (сабақтан оқушылар қайтқанда көп жүретін негізігі көшелер), Арай-Шұғыла ауданындағы 7 көшеге жол салу, жарық жүргізу, Арай-Шұғыла ауданына ойын алаңын салу;
Депутат Ә.Әбіләзім: Бәйтерек тұрғын ауданындағы канал жағасындағы көшені жарықтандыру, КБИ тұрғын ауданындағы екі қабатты 2 тұрғын үйлердің өжіре мәселесін шешуді қаржыландыруға ұсыныстар берді.
Комиссия отырысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қалада жүзеге, асырылуы талқыланды. Аталған бағдарлама бойынша былтырғы жылы бір реттік көтерме жәрдемақы бойынша 112 маманға, бюджеттік кредит бойынша 53 маманға қаржы берілген. 2024 жылға бір реттік көтерме жәрдемақыны 110 маман алған.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының іске асырылуы бойынша депутат А.Төлегенова Тасбөгет кентінде бірде-бір маманның құжат тапсырмау себебін сұрап, бағдарлама бойынша түсіндірме – насихаттау жұмыстарын көбірек жүргізу керектігін ұсынды. Сонымен қатар, М.Есжанов аталған бағдарламаға елді-мекендерден шыққан жастардың да қатысу мүмкіндіктерін кеңейту туралы ұсынды.
Комиссия қарауына шығарылған барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Комиссия барысы «Youtube» платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.