Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жылу беру маусымындағы қауіпсіздік және халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жиынға мекеме, кәсіпорын басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аудан әкімі жылыту маусымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарын жеделдетуді және тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша да нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ жылыту маусымында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және мүгедектігі бар отбасыларға да ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді.

Мәжілісте талқыланған келесі мәселе – дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі болды. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген тегін дәрі-дәрмектердің тұрғындарға уақытылы жеткізілуі тапсырылды.

БӨЛІСУ