Жол инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға полиция 265 ұсыныс жолдады

Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция саласының қызметкерлерімен 10 ай ішінде облыс бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен онда орналасқан жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жай-күйіне 1570 рет тексеру жүргізіліп, 34696 шақырым жол қамтылды.
Автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында анықталған кемшіліктерге барлығы – 1609 нұсқамалар беріліп, 239 лауазым иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Департамент тарапынан автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында жол инфрақұрылымдарын жақсарту мен қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөнінде жергілікті атқарушы органдарға барлығы 265 хабарлама-ұсыныстар жолданды.
Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында берілген нұсқамалар негізінде көше-жол тораптарына 985 жол белгісі орнатылып, оның 795 – і қалпына келтірілді, 190 – ы жаңартылды, 35 039 шаршы метр жол таңбасы жазылып, термопластикадан 15848 шаршы метр салынды.
Ағымдағы жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 32,3 млрд. теңге бөлініп ұзындығы 261 км құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 37 шақырымды қамтитын түнгі жарық шам қондырғылары орнатылып, 43 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, 35 жаяу жүргіншілер өткелдеріне лазерлі сәуле таратушы құрылғылары орнатылып, апаттылықтың алдын алу мақсатында 20 жерге жасанды тегіс еместік қондырғылары орнатылды.

БӨЛІСУ