Бүгін З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1806-1337 шақырымын (Қызылорда-Сексеуіл) 1-б техникалық санатқа қайта құрылымдау» жобасы туралы қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тыңдауға аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Р. Ибрагим, аталған автомобиль жолының жобасын әзірлеуші «ҚаздорНИИ» АҚ-ның бас инженері В. Копылов, инженер көмекшісі Д. Санбаев, Қызылорда облысының «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның директорының орынбасары Е. Мұзафар пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ш. Есжанов және аудан тұрғындары қатысты.
Тұрғындармен өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты түсінік беріп өтті.
Тыңдалымда барысында қатысушылар аталған мәселеге байланысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Олар Ақирек, Қамыстыбас, Аралқұм, Сапақ және Аққұм ауылдық округтеріндегі елді мекендердің тұсына мал өткелдерін салу және автомобиль жолының екі жанын қоршау бойынша мәселелерді ұсынды.
Осыған сәйкес, автомобиль жолының жобасын әзірлеуші тараптан аталған мәселелер жобаны әзірлеу барысында толықтай ескеріліп, қарастырылатындығы айтылды.