Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Көкшоқы мөлтек ауданы мен Шиелі кентіндегі бірқатар көшелерді, тұйықтарды, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралады.
Аралау барысында аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары және жауапты сала басшыларына тазалық мәселесін, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін қандай өзгерістер қажет екендігін зерделеп, тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Шиелі кентінде орналасқан иесіз тозығы жеткен құрылыстар мен аудан ажарына кері әсерін тигізіп тұрғын нысандарды ретке келтіру, Самара-Шымкент тас жолындағы кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіріп және И.Әбдікәрімов көшесіндегі бетон қорларды алып жолды ашу бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар беріп, мерзімінде орындау қажет екендігін айтты.
Сондай – ақ, Кент орталығындағы көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын аралап, шашылып жатқан қоқыстарды тазартуды тапсырды.