Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, жол салу, жарық орнату, қызметтік үйді жекешелендіру сынды мәселелерді көтерді.

Келушілердің ұсыныс-пікірлері мен өтініш-сауалдары жауапты мамандар тарапынан жан-жақты қарастырылды. Әрбір мәселенің себеп-салдары жіті зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары айтылып, кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Сондай-ақ бірқатарының шешілу жолдары да көрсетілді.

Бүгінгі қабылдауда аудан әкімі тұрғын үй кезегі мәселесімен келген тұрғындарға, биыл ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 74 үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріліп жатқандығын айтып, кезектілікке сәйкес баспанамен қамтылатындықтарын жеткізді.

Қабылдауда көтерілген мәселелердің әрбірі заңда белгіленген тәртіппен, кезең-кезеңімен шешіледі. Аудан басшысы осыған орай жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар да берді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

БӨЛІСУ