Бүгін облыс әкімдігінің мәжілісінен кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен аудандық кеңейтілген жиын өтті. Оған бөлім, мекеме және кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиында аудан тұрғындарын коммуналдық қызметтермен, оның ішінде ауыз су, газ, қатты отынмен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.Тиісті сала басшылары қазіргі таңда қалыптасқан жағдайды баяндап, алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.
Жиын қорытындысы бойынша Шыңғыс Әбділәмитұлы сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, олардың уақтылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтты.