Сотталғандарды жұмыспен қамту басты назарда. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтейтін сотталғандардың ішінде жұмысқа жарамды 1037 сотталғанның 617-і жұмыспен қамтылып, 59% құрайды.
Бүгінгі күні №60 мекемеде барлығы 17 жеке кәсіпкер жұмыс атқаруда.
Мекеменің өндірістік аймағының жалпы көлемі 1,3 шаршы метрді құрайды. Өндірістік аймақта 9 ғимарат орналасқан, бос жер көлемі 728 шаршы метрді құрайды.
Осы орайда облыс прокуратурасының бастамасымен ірі және шағын кәсіп иелерінің қатысуымен жаза өтеушілерге жаңа жұмыс көзін ашу бойынша ағымдағы жылдың 29-шы қазанында ашық есік күні өткізілді.
Өткізілген жәрмеңкеге облыс прокуроры, қала әкімі және облыс әкімінің орынбасары, ҚАЖ департаментінің бастығы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.