Облыс аумағында мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 7 млн гектар болса, орманды алқап 3,8 млн гектарды құрайды.

Аймақта ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өрттерін алдын алу мақсатында 8 орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерінде 800 жуық қызметкер жұмыс жасайды.

Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында облыс әкімінің қолдауымен соңғы 3 жылда облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлініп, орман шаруашылығы мекемелері 125 техникамен толықты. Бүгінгі таңда мекемелердің техникамен қамтамасыз етілуі 80%-ды құрап отыр.

Орман шаруашылықтары күнделікті жұмыс барысында табиғатты қорғау, қорды күзету жұмыстарымен қатар оны молайтып, өсірумен айналысады. Орманды көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 158 гектар орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда. Онда 12 түрлі жергілікті жерге жерсіндірілген көшеттер өсіріледі.

БӨЛІСУ