Ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен, бағумен, сатумен және сатып алумен айналысатын тұрғындар назарына!

Өздеріңізге белгілі, жануарлар мен адам өміріне қауіп төндіретін жұқпалы аурулар (күйдіргі, бруцеллез, оба, құтыру және т.б.) бар. Ауыл шарушылығы жануарларын тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптар ескерілмей, немқұрайлы қараған жағдайда, осы аурулардың таралуына жол беріліп, орынсыз экономикалық шығындарға ұшыратуы мүмкін.

Сол себепті, тасымалданатын ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарының толық болуын (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт және т.б.) сатып алушы сатушыдан талап етуі қажет.
Жануарлар сатып алынып, әкелінгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша ветеринариялық ұйымдарға хабарлап, жануарлар міндетті түрде оқшауланып, карантинге қойылуы тиіс.
Карантинде тұрған уақытында, ауыл шаруашылығы жануарларына жұқпалы ауруларға (бруцеллез, маңқа, паратуберкулез, трихомоноз, кампилобактериоз, хламидиоз, лептоспироз, жұқпалы ринотрахеит т.б.) диагностикалық тексеру жүргізіледі.
Осындай талаптарға аса жауапкершілікпен қарап, ветеринар мамандармен бірлесе жұмыс жасаған жағдайда, біз жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы ауруларды болдырмай уақытында алдын ала аламыз. Ауырған жануарды емдегеннен, алдын алған әлдеқайда тиімді.

БӨЛІСУ