Кезекті актив отырысына аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталды. Бұған дейін аудандағы Полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарып келген Әлтай Нұрсұлтан Қызылорда облысы полиция департаментінің Арал ауданының полиция бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Ауданға арнайы іс-сапармен келген Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманкелді Досжанов ауданға тағайындалып жатқан жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, бұған дейінгі саладағы қызметтері мен жеткістіктеріне тоқталып өтті.

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әйімбетов аудандық Полиция бөліміне тағайындалған Н.Әлтайға сенім білдіріп, жауапкершілігі жоғары қызметіне сәттілік тіледі.

Осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп, кәсіби ізденіс жолында жауапкершілік жүгін арқалай білген сала ардагері Б.Сүйеубаев басшылық қызметке тағайындалған Н.Әлтайдың аудандағы ақуалды қалыпты бақылауда ұстап, қылмыстық әркеттердің жолын кесуде және оған жол бермеуде аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдірді.

БӨЛІСУ