Қызылорда қаласының Полиция басқармасында ағымдағы жылдың 9 айдағы жұмысы қорытындыланды.

Бүгін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамының қатысуымен жедел кеңес өтті. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары  Серік Әбдімәуленұлы және Қызылорда қалалық Полиция басқарма бастығы  Дәулет Сүлейменұлының төрағалығымен 2024 жылғы 9 айдың жедел-қызметтік жұмыстары қорытындылап, алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.
​Басқарма бастығы 2024 жылы қалада криминогендік ахуал тұрақты болғанын, жалпы қылмыс саны 10,3 пайызға азайғанын жеткізді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар саны 22,7 пайызға, ұрлық және алаяқтық қылмыстары төмендегенін айтты.
​Басқарманың барлық қызметтері мен бөліністерінің басшыларына қаланың барлық аумағында, қаланың шет жағында орналасқан елді мекендерде құқық бұзушылықтардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті барынша нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.
​Кадр саясаты, полицейлердің қызметтік-жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру, жеке құрам арасындағы тәртіпті нығайту шаралары әңгімеге арқау болды.
​Кеңес соңында қызметтік жиында қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, учаскелік полицейлердің өз аумақтарындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардын алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме сөз жүргізу,жол-пайдалану қызметтерінде бұзушылықтарды жоюды ұйымдастыруды, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды басқарма бастығы нақты тапсырмаларды тапсырды.

БӨЛІСУ