Облыстық прокуратураның үйлестіруімен микроқаржы ұйымдарымен кездесу өткізілді.
Шараға прокуратура, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және ұлттық банк филиалының өкілдері, микроқаржы ұйымдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, «Киберпол» тобының қызметкерлері қатысты.
Жиында қылмыстық іс жүргізу мен сот тергеуі барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Қатысушылар тиімді тәжірибе қалыптастыру бағытында өз ойларын ортаға салып, шешу жолдарын айқындады.
Жиын қорытындысымен облыс прокуроры микроқаржы ұйымдарының өкілдеріне құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 41-бабына сәйкес ресми түрде:
– сәйкестендірілетін тұлғаның анық ағымдағы кескінін мобильдік құрылғыдағы немесе компьютердегі бағдарлама арқылы тұтынушыны әр ұсынылған несие алу өтінім бойынша идентификациялауды;
– несие алу немесе басқа да қаржы мәселесіне қатысты онлайн несие алу өтінімдерді қарауда тұлғаның кескінін шынайлығын жан-жақты тексеруді;
– қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауды;
– заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатындығы туралы жазбаша заң түсініктемелерін табыс етті.