Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген жобаларды іске асыру және егістікке су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізіп, қыстағы мол суды Арал теңізі мен көлдер жүйесіне жіберу, шабындықтар мен жайылымдарды суландыру, 2025 жылдың вегетациялық кезеңіне дейін каналдарды тазалау, жөндеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соның аясында «Сырдария» өзенінен суды қауіпсіз өткізу мақсатында қауіпті учаскелерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы қорғаныс бөгетіне демеушілік есебінен нығайту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың депутаты, «Мағжан және К» ЖШС-нің директоры Дархан Ералиевтың демеушілігімен «Шегіртке» учаскесіндегі қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді. Аталған жұмыстарға серіктестік тарапынан 4 арнайы техника (1 эксковатор, 1 погрузщик, 2 камаз) бөлініп, қорғаныс бөгеті 1260 текше метр топырақпен нығайтылды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы мекемесімен Шаған ауылдық округі тұсындағы «Иіркөл» учаскесіндегі қорғаныс бөгетінің 3 шақырымын қалпына келтіру және нығайту жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника (1 эксковатор, 1 бульдозер, 2 камаз) жұмылдырылған.

БӨЛІСУ