Бүгінгі күні қоғам  дертіне айналып бара жатқан нашақорлық, оның ішінде синтетикалық есірткінің жастар арасында таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына аса қауіп төндіруде.  Есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр

Бұл мақсатта елімізде 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешені әзірленіп, бекітілді. 

Өз кезегінде қызылордалық полицейлер ұлт болашағына қатер төндіретін бұл дертпен күресті белсенді жүргізуде.

Өңірде жыл басынан тәртіп сақшыларымен  256 құқық бұзушылық, оның ішінде 107 есірткі қылмысы және 149 теріс қылық анықталды. Заңсыз айналымнан 1 тонна 346 килограмм 422 грамм есірткі, оның ішінде 48,9 килограмм марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1 килограмм 013 грамм гашиш тәркіленді. 2 фито-зертхана анықталды.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «меф» және «a-PVP» синтетикасын аса ірі мөлшерде тасымалдаудың

4 дерегі анықталып, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды.

Прокуратура, «Amanat» партиясының өкілдері және еріктілермен бірлесіп,     есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша акция өткізіліп,

50-ден астам граффити-жазулар жойылды. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 141 сайт енгізіліп, бұғатталды.

БӨЛІСУ