Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын күшейтуге байланысты мәжіліс өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы Бектас Нуридинов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Нұрбол Есеналиев, аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Марат Ршымбетов қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық қорғаныс бөлімі бастығы Нұрбол Есеналиев күзгі мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру барысы туралы хабарлама жасады.
Аудан басшысы мерзімді әскери қызметке шақыру – Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі бағытында атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі екендігін атап өтті. Сондықтан да мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде орындауды тапсырды.

БӨЛІСУ