Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және есірткінің заңсыз айналымын болдырмау бағытындағы мәселелер талқыланды.
Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласы бойынша ведомствоаралық жедел мәжіліс өткізілді.
Жедел мәжіліске облыстық прокуратураның басшылық құрамы және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.
Жедел мәжіліс аясында облыс прокуроры Ризабек Ожаров есірткіге қарсы іс-қимылды жүзеге асыруда жедел-іздестіру қызметінің және тергеу органдарының ерекше рөлдерін атап өтті.
Сонымен қатар, мәжіліс барысында жастардың арасында синтетикалық есірткі түрлерінің таралуы және есірткінің заңсыз айналымын тоқтату бағытындағы құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл деңгейі талқыланып, іс-шаралар белгіленді.
Осы санаттағы қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында жүйелі түрде орын алатын проблемалық мәселелер бөлек талқыланды.
Облыс прокуроры есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, осы бағыттағы жедел-іздестіру қызметін күшейту және тергеп-тексеру деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.