Тасбөгет полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен “Алаяқтардан сақ болыңыздар! “ яғни интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігі интернетте (Олх, Колёса) тауарларды сату немесе қызмет көрсету туралы хабарламаны орналастырумен байланысты. Алаяқтар өздерінің құрбандарын арзан бағамен, тауарды не қызметті тез жеткізумен қызықтырады. Сатып алушылардан жартылай немесе толық алдын ала төлем жасауды сұрайды, олардың шоттары үшінші адамдарға ресімделіп отырады.
Алаяқтықты жасаудың негізгі және басты себептері азаматтардың сенгіштігі. Осындай қылмыстарды ашу және тергеуде біршама қиындықтар бар, өйткені қылмыскер үшінші адамдарға тіркелген әртүрлі банк карталары мен карталарды, сондай-ақ әртүрлі абоненттік нөмірлерді пайдаланды. Көп жағдайда ақша қаражаттарын шешіп алу үшін жалған адамдарды пайдаланады. Аталған қылмысты ашу үшін заң жүзінде алынған деректерді мүқият талдау қажет, бұл нақты ұзақ уақытты талап етеді.
Бүгінгі күнге интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында іс-шаралар атқа¬рылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.
Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылған.
Тауарларды интернеттен сатып алған кезде тауарларды тек тексерілген сайттардан сатып алуды қарастырыңыз. Бұл қос сайт емес, ресми бет екеніне көз жеткізіңіз. Көбінесе қылмыскерлер ұқсас сайттарды жасайды, тек ресурстың сипаттамасын өзгертеді, танымал банктердің логотиптерін, сондай-ақ танымал брендтерді пайдаланады, бұл адамды алдаудың тәсілдерінің бірі. Бұл жағдайда, егер сізден тауар үшін алдын-ала төлем сұралса, алдын-ала төлем шарттарын мұқият оқып шығу керек. Алаяқ интернеттен тапқан немесе басқа адамнан алаяқтық жолмен алған жеке куәліктің фотосуретін жібереді. Егер сіз басқа қаладан тауарға тапсырыс берсеңіз, туыстарыңыздан, таныстарыңыздан тауардың бар-жоғын және ұсынылған сипаттамаларға сәйкестігін тексеруді сұраңыз.
Егер Сізге ұялы байланыс телефоны арқылы банктен қоңырау шалып, менеджер немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, Сіз туралы немесе Сіздің шотыңыз туралы мәліметтерді сұрастырып жатады.
Егер сіз осы ақпаратты алаяқтарға телефон арқылы хабарласаңыз, ақша қаражаты дереу банк картасынан алынады.
Осындай жағдайда сөйлесуді тоқтатып, өз банкіңіздің жедел желісіне дереу қоңырау шалып, осы жағдай туралы хабарлау қажет. Банктің бірде-бір қызметкері клиенттерге қоңырау шалмайды және құпия деректерге қызығушылық танытпайды.
Инстаграмм арқылы тауарларды сатып алар алдында, сатушының ресми мекен-жайын, сонымен бірге, Ватсаппен немесе видео байланыс арқылы құжаттарын тексеріп, көз жеткізу қажет.
«Сіз жеңімпаз атандыңыз, Сізге арнайы сыйлығымыз бар немесе ақша ұтысы бар, құжаттың көшірмесін жіберіңіз» деп ұялы телефонға мәліметтер түсіп жатады. Осындай жалған мәліметтерге құжаттардың көшірмесін жіберуге болмайды. Сіздің атыңыздан алаяқтар заңсыз іс-әрекеттер жасауы мүмкін.
Қызылордалық полицейлер интернет-алаяқтық фактілер бойынша жақын маңдағы полиция бөлімшесіне, «102» арнасына немесе «102 мобильді қосымшасына» хабарласуды сұраймыз.