Жеке күзет ұйымдарымен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында кездесу өтті

Жеке күзет ұйымдарымен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдраманов Ермахан Әділханұлының төрағалығымен Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің және ҚР ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша депарменті өкілдерінің және жеке күзет ұйымдары басшыларының қатысуымен жұмыс кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жеке күзет ұйымдары мен ІІО-ның арасында жасалған меморандумдар шеңберінде күзетке алынған объектілердің аумағында, оның ішінде және іргелес жатқан көшелерде, қоғамдық орындарда, қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірлескен іс-шаралар атқаруға тапсырмалар берілді.
Жеке күзет ұйымдарының және оның филиалдары мен өкілдіктерімен күзетке алған нысандарда, яғни маңызды, аса маңызды, стратегиялық және қауіптік өндірістік объектілерін, сондай-ақ қару-жарақ сақтайтын орындар мен дүкендерде, адамдар жаппай жиналатын террористік тұрғыда осал объектілерге бақылауды күшейту жайлы түсіндірілді.
Сонымен қатар, жеке күзет ұйымдарының басшыларымен күзетшілерге қызмет өткеру кезінде күдікті заттары бар адамдарға, азаматтар қалдырған заттары мен көлік құралдарына ерекше назар аудара отырып, патрульдеуді және объектілерге іргелес аумақтарда ерекше қырағылық таныту бойынша нұсқамалар берілді.
Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері қызметтік міндеттерін орындау кезінде жауапкершілікті және заңдылықты қатаң сақтауға шақырды.
Сонымен бірге, күзетке алынған нысандар аумағы мен оған іргелес аумақтарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, жолын кесу, өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алып, дер кезінде жедел әрекет етумен бірге құқық қорғау органдарына хабарлау, уақтылы өзара ақпарат алмасу жөнінде жүйелі түрде нұсқаулар жүргізілуін тапсырды.

БӨЛІСУ