Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетовпен бірге қадірлі қариялардың үйлеріне барып, мерекемен арнайы құттықтады.

Аудан басшысы ғибратты ғұмыр иелері, Сырдария ауданының Құрметті азаматтары, соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыровқа, тыл ардагері Рақымжан Бәйменовке және ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі Мұхтар Сақтаповқа игі тілегін жеткізді. Ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтіп, «Құттықтау хат» және арнайы сый-құрмет көрсетті.

Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қазыналы қариялар елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.

БӨЛІСУ