Арал ауданының Полиция бөлім жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Есенжолова Гүлнар Төлегенқызы, Арал қаласы, №14 мектеп-лецейінде мектеп әкімшілігінің және қыздардың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу, тұрмыстық зорлық зомбылық қаупі, тақырыбында мектеп оқушыларына түсіндірме жиыны өткізілді.
Жиында, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңнамаға байланысты, тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі)ретінде көрініс табатындығы, онда, күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана (еркінен тыс)айыру болып бөлінетіндігі жөнінде және де жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу бағытында қыздарға түнгі мезгілде сағат 23:00 кейін заңды өкілінің ертіп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрмеуі, темекі өнімін пайдаланбауы, зиянды жақтары, балалар арасында қорқыту, әлімжеттік жасау фактілерінің алдын мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

БӨЛІСУ