Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

Тұрғындардың басым көпшілігі білім беру саласына және тұрғын үй мен жер кезегі, жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады. Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірі мен өтінішін жеткізген әрбір азаматтың сауалдары назардан тыс қалмай, аудан әкімі мен жауапты мамандар тарапынан заң аясында шешілу жолдары түсіндірілді.

Бүгінгі қабылдауда аудан әкімі мұғалім мамандығы бойынша жұмыс сұраған азаматтарға, бұл мәселе заң аясында, конкурс арқылы шешілетінін жеткізді. Ал тұрғын үй мен жер кезегі мәселесін көтерген тұрғындарға заңдылығын түсіндіріп, кезектілікке сәйкес берілетіндігін айтты.

Жеке қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш те қатысып, кейбір сұрақтарға қатысты өзінің ойын жеткізді.

Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

БӨЛІСУ