Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасын автоматтандырды. Осының негізінде карта балалардың дамуын бақылауға және олардың бойында дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың даму картасы бастауыш сынып педагогтері үшін балалардың мектеп бағдарламасын одан әрі меңгеруінде маңызды құрал болмақ. Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, Ұлттық білім беру деректер базасымен өзектендіріліп, бұл мектептерге ақпаратты беруде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасы бізге әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және оны мектепте сәтті білім алуға дайындауға мүмкіндік береді. Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген.

Айта кетейік, өңірімізде 2-6 жас аралығындағы жобалық қуаты 52 000 баланы қамтитын 678 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі.
Сырдария ауданы бойынша 30 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасауда, онда 2050 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 17 мемлекеттік балабақша-1450 бала, 7 жеке балабақша-385, 6 шағын орталық-215 бала тәрбиеленуде.

БӨЛІСУ