“БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ” көрмесінің үздіктері сапында  Райсов Гафур да бар. Кәсіпкер ең алғаш кәсібін 2014 жылы мал бағудан бастаған. Қызылорда өңірлік инвестиялық орталығы «Микробизнес-Қызылорда» ЖШС арқылы «Іскер» бағдарламасымен 2 миллон несие алып жылқы мал басын көбейткен.

Сонымен қатар, 2024 жылы «Қызылорда өңірлік инвестиялық орталығы «Микробизнес-Қызылорда» ЖШС арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында «Ара балын өндіру» жобасына 4 миллон несие алып, 1 техника газель автокөлігін және 25 жәшік ара ұясын алып кәсібін дөңгелетіп отыр.

Ауылдан 8 км қашықтықта орналасқан жайылымдық жерде жылына екі рет бал тартылады. Балдың құрамына шеңгел, бәйшешек, жантақ, жоңышқа шырындары қосылғасын құнарлы. Жаңғақ қосылған бал аналық ара сүті, прополис перга (ара наны) қош иісті бала ауыз өндіріледі. Бал өнімдері Қызылорда қаласына және ауылдық округтегі дүкендерге, сондай-ақ, интернет желісі арқылы тапсырыс алып, жеткізілуде. Балдың 1 кг 2500 теңгеден сатылуда. Кәсібін дөңгелентіп отырған омарташы алдағы уақытта дамытып, кеңейтуді мақсат етіп отыр.

БӨЛІСУ