Қазалыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрығындары, тіпті кішкентай балақайларда атсалысты.

Тазалық акциясы аясында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қоқысты балмұздаққа айырбаста» шарасы өтіп, кішкентай балақайлар өз аулаларынан шашылған қоқыстарды әкеліп, балмұздаққа айырбастады.

Аудан көлемінде өткен сенбілік жұмыстары барысында орталық көшелер мен саябақтар, арықтар тазаланды. Одан бөлек мекеме, кәсіпорындардың қоршаулары сырланып, көше бойындағы арам шөптер оталып, қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды.

Аудан орталығында өткен сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, тиісті мекемелерге тазалық жұмыстарына байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Сенбілік жұмыстарына аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтердің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.

БӨЛІСУ