Бүгін Қызылордада Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. Жиырма төрт жастағы азаматшаға 45 жастағы әпкесі донор болды.

Реципиенттің диагнозы: терминалды бүйрек жетіспеушілігі. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жастқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алып, бүгін екінші мәрте жасатты.

Отаны Көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және А.Н.Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар өз тәжірибесімен еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн шеберлік сағаты арқылы бөлісті.
Операция сәтті өтті.
Қызылорда облысында білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалуда. Айта кету керек, бұл аймақтағы бесінші бүйрек трансплатациясы.

Медицина саласының жаңа деңгейі. Қазақстанда қазір қарап отырсақ тек қана 4 жерде. Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкентте жасалынады. Біз бесінші облыс болып жаңа деңгейге көтеріліп жатырмыз. Жалпы Сыр медицинасында соңғы жылдары ауыз толтырып айтар жетістік көп. Қалада соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған қан орталығы салынуда. 300 төсектік көпбейінді қалалық аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Аудандардың да денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары ауданаралық статусты алып, сол статусты алғаннна кейін осы Президенттің тапсырмасына сәйкес оларға қосымша құрылыс салынып, қымбат ангиогроф қондырғысы, МРТ қондырғысы қондырылатын болады. Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу жоспарлап жатырмыз деген болатын басқарма басшысы.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан соңғы 2 жылда аймақ медицинасын дамытуға 2 млрд теңгеден аса қаржы бағытталған. Соның есебінен облыстық балалар ауруханасы базасындағы «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы медициналық қондырғылармен жабдықталған. Сондай-ақ, науқастарға қажетті аса қымбат дәрі-дәрмектер алынды.

БӨЛІСУ