Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында қалалық прокуратурамен бірлескен Инвестициялық жобалардың мәселелері бойынша отырыс өтті.

Жиынға Палата өкілдерімен қатар, қала прокуратурасының бөлім бастығы Самат Орынбасар, бөлім аға прокуроры Қуандық Бауыржан және Инвест жоба өкілдері, «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС, «Aray Food» ЖШС және «Техноснастка Ремсервис» ЖШС қатысты.

Айта кетейік «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС қуаттылығы 250МВт құрайтын ЖЭЦ (ТЭЦ) құрылысымен, «Aray Food» ЖШС қаламыздағы 4 мың тоннаға арналған көкеніс қоймасының құрылысымен және «Техноснастка Ремсервис» ЖШС көтерме және бөлшек саудасы бар мамандандырылған қойма жұмысымен айналысады.

Жиында инвестициялық жобалардың жүзеге асуы мен сол жолда кездесетін кедергілер айтылды. Сонымен қатар, кәсіп иелері құқық қорғау орган өкілдеріне өздерін толғандырған мәселелерін айтып, прокуратура өкілдерінен тиісті жауап алды.

БӨЛІСУ