Басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлының төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде оқу жылын аяқтау шаралары, балалар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстар, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жаз кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Мәжілісте өңірдің бас ұстазы ағымдағы оқу жылының аяқталуымен өткізілетін емтихан жұмыстарынан бастап барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылатын жазғы мектеп жұмысы, сабақ процесін цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып өту, ҰБТ мәселелері,
құқық бұзушылық пен қылмыстық көрсеткіштер, бала қауіпсіздігін күшейту, мұғалімдердің бейәдеп, құқық бұзушылық, қылмыстық әрекеттерге жол беруі, балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша тапсырма беріп, қатаң бақылауға алатындығын ескертті.
Жиналыс қорытындысымен басқарма басшысы 25 мамыр күні өтетін салтанатты шараның форматы бойынша 25 мамыр күні білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу-жылының қорытындысы ретінде мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы барлық мектептерде бір уақытта, яғни сағат 9.30-да басталуы, іс-шараны өткізу мектептің бірінші басшылығының бұйрығымен және ата-аналар комитетінің келісімімен болуы, мектеп бітірушілер үшін іс-шараларын міндетті түрде мектеп қабырғасында және алаңында өткізілуін қамтамасыз етуді білім ұйымдары басшыларына тапсырды.
Сонымен қатар, мерекелік шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, жалға берілетін автокөліктерді пайдалана отырып, қала бойына экскурсиялар өткізуге (кортеджге шығуға), әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға қатаң тыйым салынатындығын, және жоғарыда аталған барлық тапсырмалардың мерзімінде, әрі сапалы орындалуына қала, аудандардың білім бөлімдерінің басшылары дербес жауапты екендіктерін айтты.