Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында
“Экономика және құқық” институты ардагерлерінің мерекелік шарасы өтті.
Мақсаты — ардагерлер қызметі кезіндегі тарих пен университеттің дамуы үшін қосқан үлесін сақтауға көмектесу, батылдық, адалдық және патриотизм құндылықтарын болашақ ұрпаққа үлгі ету. Ардагерлермен білім ордасының ынтымақтастығын дамытып, нығайтуға ықпал жасау.
Салтанатты кездесуге институттың ардагер ұстаздары, әр жылдағы түлектері, бүгінде құқық қорғау органдары мен түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген білікті мамандар жиналды.
Кездесуде қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары Ермағамбетова Күләй Сағындыққызы, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия төрағасы, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының еңбек қатынастары бойынша сарапшысы, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Боранбаева Майра Қадырбекқызы және облыстық Ардагерлер үйінің әлеуметтік маманы Әбілдаева Жанна Қасқырбайқызы қатысып сөз сөйледі.
Шара барысында институт ардагерлер арасында шахмат және дойбыдан сайыс ұйымдастырылды. Сайыс нәтижесінде шахматтан 1 орынды Ауған соғысының ардагері, «Тарих және археология» білім беру бағдарламасының жетекшісі Өткелбаев Қыдырбай Захманұлы иеленсе, жоғары санатты «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ардагер-ұстазы Сексенов Қамбар Өмірзақұлы дойбыдан жүлделі 1 орынды жеңіп атанды. Жарысқа қатысушылар университет кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтары мен институт атынан дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, шарада институттың ардагерлер ұйымының төрайымы Роза Аяшқызы ұйымдастыруымен «Фотода кім?» сайысы және тақырыптық сұрақ-жауаптар викторинасы өтті. Іс-шара соңында естелік суретке түсіп, ардагерлер ұйымдастырушыларға ақ батасын берді.