Республикалық бейінді ғылыми медициналық орталықтардың жетекші мамандарының командасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарына осы өңірлердің тұрғындарына консультациялық және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ жергілікті емдеу ұйымдарында дәрігер-әріптестеріне мастер-кластар өткізу мақсатында барды.

Сапар барысында сарапшылар үш өңірде 20-дан астам медициналық мекемеге барды, онда стационарлық емдеудегі 250-ден астам пациентке, оның ішінде реанимация бөлімшесінде – 20-ға, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде 300-ден астам пациентке консультация берді.

Стационарлар жағдайында 20 консилиум өткізілді, оның ішінде коронарлық қан тамырлары патологиясы бар пациентке хирургиялық араласу (маммарокоронарлық және аорта митралдық қақпақшаның және трикуспидалдық қақпақшаның пластикасымен коронарлық шунттау) жүргізілді.

Әртүрлі локализациядағы қатерлі ісіктері бар 30 пациентті қамти отырып, мультидисциплиналық топтардың отырыстары, 60 пациентті қамти отырып, орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның отырыстары өткізілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп көшпелі бригадалардың құрамында 7 республикалық орталықтың мамандары қатысты: «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақстан Республикасының ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Кардиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ , «University Medical Center» КҚ «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ және «А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ.

Бұдан басқа, Маңғыстау облысына сапар барысында республикалық бейінді мамандар стационарлық емдеудегі 120-дан астам пациентке, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде 150-ден астам пациентке консультация берді.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 3 пациент «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ және «University Medical Center»КҚ стационарлық емделуге жіберілді.

БӨЛІСУ