Алаштың Анасы атанған Сыр Елінің бас қаласының атшабарында 2024 жылдың 20-27 сәуір аралығында дүбірлі дода Көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 16 облысынан 200-ге жуық көкпаршылар бас жүлделерді сарапқа салды.

Көкпар – ол тек қана спорт ретінде адамның физикалық болмысын шынықтырып қана қоймайды, сонымен қатар, ол – қазақ халқының руханиятымен, салт-дәстүрімен біте қайнасқан спорт екенін байқатты.

Осы аралықта көкпар алаңында көкпаршыларымыз ұлттық ойынның көркін қыздырып, жарқын жеңістерімен көрермен көркін қыздырды.

Аса тартысты қызықты өткен жарыс нәтижесінде:
ІІІ орын Түркістан облысы
ІІІ орын Қостанай облысы
ІІ орын Алматы облысы
І орын Жамбыл облысы командалары иеленді.

Сондай-ақ, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік ойыншы, үздік сәйгүлік, жеңіске деген жігері үшін, үздік төреші номинациялары бойынша жүлдегерлер анықталып, ақшалай сый-сияпат көрсетілді.

Сонымен қатар, Көкпар федерациясы президенті Исабаев Бауыржан федерация атынан Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшылығына, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

БӨЛІСУ