Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Жалпы бес апта көлемінде өткізілетін экологиялық апталықтың өзіндік мәні мен мазмұнын айшықтайтын арнайы тақырыптар бекітілген. Тиісінше, экологиялық акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауына бағытталды.

Осыған орай, бүгін аймағымыздың білім саласының қызметкерлері қаладағы Б.Шөкенов атындағы саябақта ағаштардың діңгегін әктеп, сол аумақта жиналған қоқыстарды тазалады. Одан бөлек, білім саласының қызметкерлері экологиялық акцияда түрлі іс-шараларды өткізіп, ерекше белсенділік танытты. Атап айтқанда, саябақ аумағында «Караоке баттл», «Бауырсақ party»ұйымдастырылып, түрлі бейнедегі аниматорлар тұрғындарға өнер көрсетті.

Бұл экоакцияға «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері, білім саласының өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, білім саласының қызметкерлерімен бірге тазалық жұмыстары мен ағаш отырғызуға жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, «Жасыл аймақ» экологиялық апталығы аясында қала және барлық аудандарда ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

БӨЛІСУ