Партия алаңында медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды

Бүгінде елдегі денсаулық сақтау саласының қызметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде іске асырылып жатыр. Жалпы МӘМС жүйесі – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Осы МӘМС арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» құрылды. 2017 жылы қордың филиалдары еліміздің облыстарында ресми түрде ашылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеті – ҚР азаматтарын сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта Өңірде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйесімен 111 шарттық мекеме( емхана) жұмыс істейді, оның 30-ы –мемлекеттік 81-і жекеменшік.

Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрғасы Мақсұт Нәлібаевтың төрағалығымен өткен отырыста «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ облыстық филиалының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын-алу бағытында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды.

Жалпы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ облыстық филиалы директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша жыл сайын Қордың басқарма шешімімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес тұрақты жұмыстар жүргізіледі. ОБСБ бұйрығы негізінде филиалмен бірлескен 7 аудандық медициналық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық жұмыстарына талдама жүргізілді және оның қортындысы ОДСБ алқасы отырысында талқыланған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен ҚЗО ОДСБ-на қарасты мекемелерде мемлекеттік бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру, мемлекеттік сатып алу, медициналық қызметтер көрсету аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген. Бірлескен мониторинг барысында денсаулық сақтау ұйымдарының ТМККК және МӘМС шеңберінде бөлінген қаражатты афиллирленген тұлғалармен бірлесіп орындау шарттары жасалғаны анықталған. Емханаларда халықты тіркеу барысында уақытша немесе тұрақты түрде аймақта болмау фактілері бойынша мониторинг жұмыстары нәтижесімен 2021-2022 жылдары 1225 тұрғын анықталып, 19 981 мың теңге қаражат бюджетке қайтарылған. Филиалдың медициналық ұйымдар қызметіне жүргізген мониторинг нәтижесімен халыққа жалған медициналық қызмет көрсету фактілері орын алып, осыған орай өткен жылы 6 мыңнан астам жалған тіркеу фактілері бойынша 36 670 мың теңге қаражаты қайтарылған.

«Филиал тарапынан медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектері, қызметкерлерге айлық жалақыны уақытылы және толық төлеуіне тұрақты мониторинг жүргізіп келеміз»,- дейді Бақыт Исмаханбетов.

Кеңес отырысына қатысқан партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова тұрғындар көбіне медициналық сақтандырудың игілігін тиісінше көріп жатпағандығын айтып шағымданатындығын жетікізді. Сондай-ақ, емханаларда техника жетіспейді, ескірген. Ауырып ем іздеген адам, ауруды асқындырмас үшін жылдам ем алығыс келеді. Мәселен, МРТ аппаратына түсу үлкен проблемма. Көп жағдайда науқастар уақытты жоғалтпас үшін, жеке клиникаларға жүгінеді. Бұл қызмет құнын жалақысынан жырып беріп отырған тұтынушы үшін екі рет шығындалу. Осы мәселелерді медициналық сақтандыру аясында шешу қажеттігін айтты.

Жиын барысында кеңес мүшесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Жиынды қорытындылаған Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршаға ортақ міндет екендігін тілге тиек етіп, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністері мен оның туындау себеп салдарын жою мақсатындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетіндігін атап өтті.

БӨЛІСУ