Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында Ақмая ауылдық клуб үйінде “Көш керуен” акциясы өткізілді.
Іс-шарада қонақтар клуб ауласына тал отырғызу рәсіміне қатысты. Бұдан әрі фойеге қойылған қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін көрме және «Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығының тұжырымдамасына сәйкес, «Әлем Book» жобасы бойынша «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесін қойып, жазушының өмірбаяны мен шығармаларымен танысты.
Аталған жиында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, ақпараттық түсіндіру-тобының жетекшісі Дәулет Кәрібайұлы, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, ақпараттық түсіндіру-тобының мүшесі Мұхтар Айшықұлы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Сәрсенбайұлы, Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Шахизатұлы адал ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығына тоқтала келе, қоғамдығы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.
Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз Адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты Адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуы және қазіргі жастардың телефонға телмірмей кітап оқу керектігі жөнінде айтты.
Шараға қатысушы №49 қазақ орта мектебінің 8 – 11 сынып оқушылары келген қонақтарға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Жиын соңында жеке мәселе бойынша Дәулет Кәрібайұлы қабылдау жүргізіп, университетке түсуші жастарға кеңес берді.