«Білім және денсаулық сақтау мәселелері» бойынша аймақтық кеңестің жұмысшы тобы бас қосты.
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен партия филиалы жанындағы «Білім және денсаулық сақтау мәселелері» бойынша аймақтық кеңестің жұмысшы тобы отырысы өтті. Онда дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу; Некеге тұруға ниет білдірген жастардың репродуктивті денсаулығы бойынша мәселелері қаралады.
Жиынға денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Жаңыл Абубакирова, Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Жанерке Жақсылық сонымен қатар бірқатар медицина ұйымдарының басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Абубакирова атап өтті.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша облысының денсаулық сақтау басқармасы мен КМАЖ ақпараттық жүйесінің жеткізушісі «ЦИТ Даму» ЖШС-мен жиналыс ұйымдастырылып, нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін медициналық ақпараттық жүйемен бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесі арасында (ЕФИС) интеграция жасауға келісім жасалған. Дәрілік заттарды таңбалауға 37 медицина ұйымдарынан 30 медицина ұйымы қатысуда. Сонымен қатар, облыс бойыншат 15 медициналық ұйымда 1С есептік бағдарламасы және медициналық ақпараттық жүйесі интеграцияланған. Қалған 15 медициналық ұйымдарда 1С есептік бағдарламасы және медициналық ақпараттық жүйесі арасында келісім шарт жасалынып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ 8 медициналық ұйымдарында 1С есептік бағдарламасы және оператормен (Қазақтелеком) интеграцияланған.
«Облыс көлемінде дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге қатысқан 30 медициналық ұйымда 110 дана таңбалау штрих-код сканері, 8 дана планшет, 18 дана терминал сатып алынған. Осылайша, дәрілік заттарды таңбалау жабдықтарын сатып алуы жалпы қажеттіліктен 100%-ға орындалып отыр»,- дейді Жаңыл Абубакирова.
«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалау енгізілуде.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 316 дәріхана фармацевтикалық қызметпен айналысады. Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментімен дәріхана басшыларымен дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша жалпы саны 224 дәріхана дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды жүзеге асыратын 2D-сканермен қамтамасыз етілді дейді Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанерке Жақсылық.
Мұнан соң жұмысшы топ өкілдері жас жұбайлардың денсаулық паспортын енгізу тетіктерін ортақ талқыға салып,ұсыныстардымен бөлісті.