Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласы бойынша пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаториялардың бүгінгі жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Таң, Мырзабай ахун, Есет батыр елді мекендеріндегі ел игілігіне пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияларды жауапты мердігерлермен аралап, бірқатар тапсырмалар берді.

Мәселен, Таң елді мекеніндегі дәрігерлік нысанның ішкі қабырғаларына әрлеу жұмыстарын жүргізіп, кейбір бөлмелерінде электр желілерін қайта жаңарту жұмыстарын қалыпқа келтіру тапсырылды.

Мырзабай ахун және Есет батыр елді мекендерінде жаңа нысанның ішкі және сыртқы жұмыстарын егжей-тегжейлі қайта қарап, ескертпелерді қысқа мерзімде қалыпқа келтіру қажеттігін жеткізді.

Алдағы уақытта тұрақты түрде аудан бойынша барлық нысандардың сапасы қатаң бақылауда болды. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов кепілдік мерзімі бар ғимараттарға жауапты мердігерлер өздеріне жүктелген міндеттерді толық атқаруға тиіс екенін айтты.

БӨЛІСУ