Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық перинаталдық орталығында медицина қызметкерлері арасында «Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру» бағдарламасы бойынша байқау сайысы болып өтті.

Іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры  Ғазиза Әбдіғаппарқызы, облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушысы Сәуле Жақанова, «Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» бағдарламасы бойынша тренинг орталығының меңгерушісі Ж.Абенова, «Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру» бағдарламасының облыстық өңірлік үйлестірушісі Нұргүл Скакова және медициналық мекемелердегі жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр, неонатолог дәрігерлерi қатысты.
3 кезеңнен құралған байқаудың I-шi кезеңiнде медицина қызметкерлерінiң «Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру» бағдарламасы бойынша білім деңгейін тексерсе, II-шi кезеңде талапқа сәйкес портфолио дайындау, өзін таныстырудан, ана сүтімен қоректендірудің 10 қадамы, практикалық білімін көрсету үшін презентация, видеоролик көрсету және іске асырылған жұмыстары туралы ақпарат беру, III-шi кезең «Шеберлік сабағы» атты рөлдік ойынннан тұрды.
Барлығы 17 дәрігер қатысқан сайыс қорытындысы бойынша І орынды – Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы алса, ІІ орынды – 3 қалалық емхана,ІІІ орынды – Қазалы Теміржол ауруханасының қызметкерлерi иемдендi.
Шара соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.

БӨЛІСУ