Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар елді мекендерді аралап, құрылыс нысандары мен жол жөндеу жұмыстарын бақылады.
Алдымен, аудан басшысы Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдық округтерінде құрылысы жүріп жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыстарын көрді. Сала басшылары мен жауапты мердігерлерге аталмыш нысандарының құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізуді тапсырды.
Одан соң, аудан әкімі Ақжар, Дауылкөл ауылдық округтерінде болып, ауылдың төл құжаттарының құрылысы мен жақында пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияларда қаншалықты тұрғындарға қолайлы жағдай жасалғанын бағамдады. Сондай-ақ, аталған елді мекендердің санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстарын қадағалады.
Сапар соңында, аудандық маңыздағы «Ақжар-Көмекбаев» автомобиль жолының жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы жауапты мердігерге жол жөндеу жұмыстарын сапалы етіп жасауды және мерзімінде аяқтауды тапсырды.