2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді.

Осы ретте, 2024 жылғы 16 сәуір күні қалалық мәслихатта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттармен кездесу өтті.
Кездесуге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлері кеңесі, қалалық жастар ресурстық орталығы басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сайлау заңнамасына сәйкес, Сенат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенатының депутатын сайлауға дауыс беруге тек сайлаушылар – мәслихат депутаттары ғана қатысатынын білдіреді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер Н.Байқадамов, А.Есмаханов, А.Жүнісов сөз алып, сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды. Депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді. Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.

БӨЛІСУ