Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының алғы шарттарын, жергілікті тұрғындардың шамадан тыс төрт түлік малдары жайылымдық және егістік жерлерге зиян тигізбеу үшін елді мекеннен тысқары жерлерге көшіру, шығару жұмыстарын ұйымдастыруға және салық базасын ұлғайтуға байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.
Бүгін аталмыш жұмысшы топ өкілдері ауданға қарасты Өркендеу, Бірлік, Аранды, Бозкөл, Кәукей және Тасарық ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ауыл халқымен кездесу барысында тұрғындар тарапынан «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несиелендіру, малдарды егістіктерге түсірмеу мәселелеріне қатысты сауалдарын жолданып толықтай жауаптарын алды. Айта кетейік, жұмысшы топтың түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта басқа да ауылдық округтерде жалғасатын болады.
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет қолға алған бағдарламалардың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы.
Жоба халықтың табысын арттыру, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Аталған бағдарлама жеке кәсіп ашуға немесе бұрыннан бар кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Ал, бұл жобадан Қазалы ауданының тұрғындары да қалыс қалған жоқ. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Толқын Бижанова, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тәтті өнімді шығаруды қолға алғанына екі ай уақыт болған жеке кәсіпкер мемлекеттің кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұсынып отырған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5 пайызбен 6,5 миллион теңге несие алған. Иелеген қаражатпен цехты қажетті құрал-жабдықтармен толықтырған. Екі бірдей ғимаратты жалға алып жұмыс жасап отырған Толқын Кемалбайқызы 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.