Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша емдеу мекемелерінің медициналық қызметкерлері арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және аса қауіпті жұқпалы геморрагиялық вирустық инфекциялық аурулар құтырма, оба, күйдіргі мен тырысқақ , сарып ауруларының алдын алу, сақтану шараларын жөнінде семинар өтті.

Семинар барысында аса қауіпті инфекциялық ауруларының клиникасы, жұғу жолдары, эпидемиологиясы, емдеу шаралары және алдын алу жолдары, сақтану шаралары, олардың зардаптары, обаға қарсы қорғаныс киімдерін киіп-шешу және пайдалану бойынша қанмен жұмыс жасайтын қызметкерлерге және науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері арасында ауруханаішілік ауруды жұқтырмау, кәсіби аурушаңдықты болдырмау және залалсыздандыру тәртібінің қатаң сақталуы мен басқа елдерден тасымалданған жағдайда індетке қарсы іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері төңірегінде түсіндірмелер берілді.

Облысымызда жыл басынан бері 7 адам кене шағу дерегімен медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі таңда олардың жағдайлары бірқалыпты, өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында осы жылдың ақпан айында облыс әкімінің арнайы Қаулысы қабылданған болатын. Осыған сәйкес, кенеге қарсы жұмыстардың сапасы мен тиімділігін бақылайтын арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, облысымызда аталмыш аурудың өршіп кету қаупі бар 115 қолайсыз елді мекен анықталды. Атап айтқанда, Аралда – 11, Қазалы мен Қармақшыда – 16, Жалағаш пен Сырдарияда – 11, Жаңақорғанда – 18, Шиеліде – 20, Қызылорда қаласында – 12 елді мекен есепке алынды. Осы аймақтарда көктемгі кенеге қарсы өңдеу жұмыстары сәуір айының алғашқы онкүндігінде басталады деп жоспарлануда. Алғашқы болып оңтүстік аймақтар – Шиелі мен Жаңақорған аудандарында жүргізіледі.

БӨЛІСУ