А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана мекемесінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» аллеясында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-ВООК» жобасы аясында 2 сәуір – «Халықаралық балалар кітабы күніне» орай «Кітап – адамзаттың жақын досы» атты кітаптар шеруіне арналған рухани танымдық шара өтті.

Оқушыларды кітаптарды құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық шараға түрлі сала ардагерлері мен ақын-жазушылар, кітапханашылар, жастар мен мектеп оқушылары қатыстырылды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов шараның маңыздылығына тоқтала келе, шараның құрметті қонақтары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, балалар ақыны Адырбек Сопыбековтің жары Шарипа анамыз бен балалар ақыны Оразбай Қосанов ағамызға құрмет – қошемет білдірді. Шара барысында кітапханалар бойынша «Ең үздік оқырман» деп сараланған бір топ жас оқырмандарымызға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Алғыс хаттары табыс етілді. Кітаптар шеруі ұйымдастырылып, «Дарын-Shcool» мектебінің оқушылары тарапынан дайындалған бағдарлама көпшілік назарына ұсынылып, тақырыптық әндер орындалып, жергілікті ақын-жазушылардың кітапқа арналған өлеңдерінен үзінділер оқылды.

БӨЛІСУ