Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 100 млрд теңге бөлінді.
«Айта кету керек, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлерде сенім білдірілген өкіл ретінде әрекет етеді, олар бағдарлама қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 2023 жылы бағдарламаны іске асыруға 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі 70%-ға жуығы Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары үшін қарастырылған», – деді спикер.
Осы облыстарда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың ең көп саны, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті адамдар қатарында жұмыспен қамтылмаған отбасылар байқалады.
Жалпы, шағын несиелеу бағдарламасы ауыл тұрғындары тарапынан негізінен мал шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытқандығын көрсетті. Мәселен, мал шаруашылығы саласына берілген микрокредиттердің жалпы көлемінен 79%-ды құрайды. Өсімдік шаруашылығына несиелердің 4,1%-ы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне 16,9%-ы бағытталды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде салаларға кредит беру бойынша сараланған тәсілді қамтамасыз ету үшін Министрлік бөлінген қаражаттың жалпы сомасының 50% -дан аспайтын мал шаруашылығы саласына жіберуге шектеу қойды.
Айта кетерлігі, бағдарламаны іске асыру аясында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Оның аясында 6,2 млрд теңге сомасына 299 кооператив қаржыландырылды.
«Тұтастай алғанда, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану түрінде, сондай-ақ кооперативтер арқылы өнім өндіруді және оны өткізуді ұлғайту мүмкіндігінде өзіндік артықшылықтарға ие, бұл болашақта өндірілген өнімді сауда базарларының, қала дүкендерінің сөрелеріне шығаруға мүмкіндік береді», – деді вице-министр.
Осыған байланысты, бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кредиттеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылған кредит беру көзделген. Бүгінгі таңда бұл сома 29,5 млн теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қалған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тең шарттарда мемлекеттік қолдаудың барлық қолда бар шаралары қолжетімді. Осылайша, кооперацияны ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялау кезінде басымдылық пен жоғары нормативтер көзделген. Мұнда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының жекелеген түрлерінің құны жергілікті бюджет қаражаты есебінен 35-50%-ға дейін ұлғаяды.«Салық кодексіне ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін салықтың бес түрі бойынша 70% жеңілдікті көздейтін арнайы салық режимі көзделген. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту шеңберінде облыс әкімдіктері өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру, кооперативтерге базарларда, жәрмеңкелерде орын бөлу үшін жағдайлар жасау, кооперативтермен жұмыс істеу бойынша өңірдің ірі зәкірлік кәсіпорындарын тарту кезінде кооперацияның әлеуетін іске қоса алады», – деді ведомство өкілі.«Кейбір табысты бизнес-жобалардың мысалдарын қысқаша атап өткім келеді. Мысалы, Түркістан облысында Балтакөл ауылындағы Біржан Жүнісов наубайханасының жобасы жүзеге асырылуда, онда күн сайын 300-ден астам нан сатылады. Жобаны жүзеге асырғанға дейін кәсіпкер жұмыссыз болған. Ауыл тұрғыны 8 млн теңге несие алды. Жоба сәтті жүзеге асырылуда және кәсіпкер несиені мерзімінен бұрын өтеуді және бизнесті кеңейтуге 29 млн теңгеге дейін қайта алуды жоспарлап отыр, оған бағдарламаның шарттарына мүмкіндік береді»,-деп хабарлады вице-министр.
Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Сараптамалық топ құрылды. Ол нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты, оның ішінде Министрлік қолдаған ұсыныстар дайындаумен айналысады.
Бұдан бөлек, облыс әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісім бойынша бағдарламаның негізгі көрсеткіштерін бекітті.