28 наурыз күні облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Б.Шәменованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары, облыстық экономика және қаржы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары мен тиісті мамандары қатысты.
Күн тәртібінде Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 1 мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қ.Мүбараков хабарлама жасады.
Хабарламадан соң, депутаттар бюджетті жоспарлаудағы өзекті мәселелер мен оның орындалу маңыздылығына тоқталды. Одан соң, басқарма басшысына бірқатар сұрақтарын қойып, тиісті басқарма басшылары тарапынан жауаптар берілді.
Өз кезегінде басқарма басшысы Қ.Мүбараков комиссия мүшелерінің көтерген сауалдарына бірлескен отырыста толыққанды жауаптар берілетіндігін жеткізді.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.
2024-03-30