Халықаралық Аралды құтқару қорын орнықты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырысы.

2024 жылдың 28 наурызында Астана қаласында Халықаралық Аралды құтқару қорын тұрақты дамыту жөніндегі мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан Республикасының төрағалығы кезеңінде (2022-2024 жылдар) ОДМК атқарған жұмысы туралы, ОДМК алдыңғы отырысының шешімдерін іске асыру туралы және өңірдегі экологиялық ынтымақтастықтың басқа да мәселелері туралы есеп тыңдалды. Қорытындыда шешімдерге қол қойылып, Қазақстан Республикасынан Тәжікстан Республикасына Төрағалық ету өкілеттіктерін беру рәсімі жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев өз сөзінде атап өткендей, «Жаһандық және өңірлік экологиялық проблемалардың өсуімен бірлескен ынтымақтастық қажеттілігі тек артып келеді.

Климаттың өзгеруінің Орталық Азиядағы су ресурстарына әсері туралы мәселе ерекше өзекті болып отыр. Біздің аймақтағы су ресурстары ұлттық және аймақтық қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілерін анықтайды, оларды аймақ экономикасының барлық салалары пайдаланады.

Әлеуметтік-экономикалық және табиғатты қорғау мақсаттарына қол жеткізу үшін су ресурстарын орнықты дамытуға және кешенді басқаруға, Орталық Азияның орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыруға, сондай-ақ халықаралық деңгейде келісілген су ресурстарына байланысты мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жәрдемдесу үшін барлық деңгейлердегі ынтымақтастық пен әріптестікті кеңейтуге басымдық беру ОДМК жұмысындағы басымдық болып табылады оның ішінде 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму саласындағы күн тәртібіндегі ресурстармен қамтылады».
2024 жылғы 27 наурызда ОДМК отырысының алдында қоршаған ортаны қорғау ведомстволары мен экономикалық блоктың, ОДМК жанындағы құрылымдық бөлімшелер мен ұйымдардың жауапты өкілдерінің және ОА елдерінің қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен Консультативтік кеңестің отырысы өтті.

1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары қол қойған «Арал теңізі мен Арал өңірі проблемаларын шешу, Арал өңірін экологиялық сауықтыру және әлеуметтік – экономикалық дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы Келісімнің» 2-бабына сәйкес орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссия құрылды.

ОДМК-ның басты мақсаты қоршаған орта және Орталық Азия елдерінің орнықты дамуы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты үйлестіру және басқару болып табылады.

БӨЛІСУ