«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының «Мәдениет үйі» Бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында партия мүшелерінің арасында “Шаңырақтағы салт- дәстүр” тақырыбында отбасылық сайыс өтті.

Дәстүрімізді дәріптейтін шараға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Төрағасы Болат Сыздық және «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының төрайымы Орынкүл Шорабаева қатысып, барлық көрермендерді Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар партия және өнер ардагерлері Өркен Исмайл, Исабек Байкенжеев, партия белсендігі Құттықыз Ыханова сайысқа төрелік етіп, әділ бағаларын берді.

Шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру.

Сайысқа партия мүшелерінен жеті отбасы қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады.
Қатысқан отбасылар «Үлгілі отбасы», «Мерейлі отбасы», «Өнегелі отбасы», «Өнерлі отбасы», «Бақытты отбасы», «Көрермен көзайымы», «Белесенді отбасы» секілді номинацияларды иемденіп, жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

БӨЛІСУ