Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары бойынша кездесу өткізді.
Биыл ЕАДБ-ның Қазақстан экономикасына салған жаңа инвестициялары кемінде $1 млрд-ты құрайды.
Осы жылға арналған негізгі жобалар пулы көлік, өнеркәсіп, энергетика және қоршаған ортаны жақсарту, АӨК салаларын, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жүргізу мен жаңғыртуды қамтиды.
ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының жол желісін дамыту, тұрғын үй құрылысы, ТКШ-ны жаңғырту және газдандыру саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті.
«Банктің басым бағыты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру болуға тиіс. Біз өзара тиімді негізде банкпен ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз», — деді Олжас Бектенов.
Өз кезегінде ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов қаржы институтының тұрақтылығы туралы хабарлады.
Кездесуге қатысушылар ЕАДБ жылдық инвестицияларындағы қазақстандық үлесінің артқанына тоқталып, Банктің инвестициялық белсенділігін одан әрі нығайту әлеуетін атап өтті.