Мемлекет басшысының бастамасымен «Наурызнама» мерекеміз қайта жаңғырып, ұлы даламызда ұлттық дәстүріміз салтанат құруда.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі барлық жақсылықтың бастамасы болғай!
«Наурызнама» аясында 18 наурыз – «Ұлттық киім күні» VIII-шақырылымдағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары арнайы кездесуге ұлттық киімдерімен келіп, ата – бабадан ғасырлар бойы келе жатқан қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтады.
Кездесу барысында қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз ұлттық құндылықтарымыздың маңыздылығын, біздің салт-дәстүрілерімізге өзге ұлттардың қызыға қарайтынын, басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз екендігін атап өтті. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман – есен жеткізу – біздің міндетіміз екендігін жеткізді.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын, қазақ елі мәңгілік жасасын!