Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы екі күн бойы көпбейінді облыстық ауруханасында “Бүйрек ауыстыру отасы” шеберлік сағатында өз бiлiктiлiктерiмен бөлiскен А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің бас мамандары Мададов Ислам Құрбанұлы, Белгiбаев Ернұр Бақытжанұлы, Нәбиев Ершад Смайылұлына ауқымды отаның сәтті өтуіне қосқан еңбектері, бөлiскен тәжірибелерi үшін ризашылығын білдіріп, “Алғыс хатпен” марапаттады.

Алғыс хатта, дәрігерлерге “Наурыз” мейрамы қарсаңындағы Сыр өңірі халқының денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған “Бүйрек трансплантациясы” атты семинарына қатысқандығыңыз үшін және әрiптестiк байланыс бағытындағы еңбегiңiзге алғысымды білдіремін.
Әрдайым білікті мамандардың әріптестік байланысы арта берсiн.
“Ұлыстың ұлы күні – Наурыз” мейрамы құтты болсын. Құттықтай келе, антқа адал қызметіңіздiң жана беруiне тiлектестiгiмдi бiлдiремiн”, – делінген.

БӨЛІСУ