Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиев Қазалы ауданына іс-сапармен келді.

Жұмыс сапары барысында алдымен аудан әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі және заңнама талаптарын қатаң түрде сақтау мәселелері жөнінде өткен мәжіліске қатысты.

Мұнан соң аудандық жастар ресурстық орталығында аудан жастарымен кездесіп, әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатындағы өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу жобасы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қазалы ауданы бойынша филиалының және аудандық «Мансап» орталығының жұмысымен танысты.

БӨЛІСУ